426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміртауда құдық ішінен ер адамның мәйіті табылды

  • 136
  • UPD: 17:08, 06.09.2020
Теміртауда құдық ішінен ер адамның мәйіті табылды фото: inform.kz

Теміртау қаласының полицейлері тәулікке жеткізбей кісі өліміне қатысты қалмысты ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қыркүйек күні сағат 15.30 шамасында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ комбинатынан 200 метрдей жердегі құдықтан денесінде зорлық-зомбылық белгісі бар, бұрын із-түзсіз жоғалғандар санатында болған 50 жастағы қала тұрғынының мәйіті табылды

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні ұстау және анықтауға байланысты барлық ішкі істер органының жеке құрамына бағыттама берілді.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 және 43 жастағы екі азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта дәлелдемелерді жинауға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілуде.

 

Хабар 24 телеарнасы