424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада тұрғын үйдің ауласындағы монша өртенді

  • 279
  • UPD: 15:20, 07.09.2020
Қызылордада тұрғын үйдің ауласындағы монша өртенді

Қызылорда қаласындағы тұрғын  үйдің  ауласында  ауданы 72  шаршы метр болатын жапсарлас салынған моншасы мен гаражының төбе жабуы, шатыр ағаштары толығымен жанды.

Қызыл жалынды Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» 14 қызметкері 4 техника күшімен ауыздықтаған.  Мамандар өрт ашық оттың қасында газ баллоны болғандықтан жалын шарпыды деп отыр. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы