421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында екі көлік аударылып, алты адам зардап шекті

  • 192
  • UPD: 12:54, 07.09.2020
Павлодар облысында екі көлік аударылып, алты адам зардап шекті

Демалыс күндері Павлодар облысында бірқатар жол апаты болды, зардап шеккендердің арасында балалар да бар, деп хабарлады Pavlodarnews.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Екібастұздан алты шақырым жерде Горняк ауылы бағытындағы тас жолда автокөлік 1988 жылы туған әйелді қағып кеткен.

«Өкінішке қарай, жедел жәрдем келгенге дейін әйел адамның биологиялық өлімі анықталды», - делінген хабарламада.

Павлодарда Абай – Толстой көшелерінің қиылысында жол апатынан 2015 және 2019 жылы туған екі бала зардап шекті. Бір жасар қыз баланың денесінің оң жағында жарақаттар бар, ал бес жасар баланың сол тізесі жарақаттанған. Олар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ апат кезінде 1973 жылы туған әйел адам оң жақ білек буынының жабық сынуы мен жұмсақ тіндердің жарақатын алған. Әйел адам №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Павлодарда жол апатынан тағы екі жасөспірім жарақат алды. Сенбі күні түнде жолаушылар көлігі бағанға соғылып, аударылып қалды. 1969 жылы туған әйел адам бас жарақаттарын алып, миы шайқалған. Ол №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. 13 және 16 жастағы екі жасөспірім шошынып қалған және жеңіл жарақаттар алған.

Сонымен қатар сенбі күні қала маңындағы Павлодар ауылында үшінші кіреберіс жолда автокөлік аударылып, 3 адам зардап шекті. Бас жарақатын алған 1982 жылы туған әйел №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Жабық бас сүйек-ми зақымдарын алған 1956 жылы туған әйел мен 1959 жылы туған ер адам ауруханаға барудан бас тартты.

Хабар 24 телеарнасы