421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көп қабатты үйдің төбесінде би кешін ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

  • 103
  • UPD: 15:21, 07.09.2020

Алматыда көп қабатты үйдің шатырында би кешін ұйымдастырғандар анықталды. Айқай-шудан шаршаған тұрғындардың бірі полицияға шағымданған.

Желік қуған жастар Байзақов көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің шатырын түнгі клубқа айналдырыпты. Видеодан жастардың жақсы дайындалғаны көрініп-ақ тұр. Жүк тасуға арналған паллеттерден үстел, орындық жасап, шам тартқан. 

Шағымданушылардың айтуынша, олар апта сайын, жұма немесе сенбі күндері жиналады екен. Әрекеттерінің заңға қайшы екеніне қарамастан музыканы қатты қойып, спирттік ішімдіктер ішкен. Тұрғындардың түнгі ұйқысын бұзғандар жауапқа тартылды. 

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Әкімшілік кодекстің екі бірдей бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды бұл азаматтарға қатысты. Яғни 477-бабының екінші тармағы бойынша және 440-баптың нормалары бойынша.

Хабар 24 телеарнасы