426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қараталдағы дүлей дауылдан 3 млн теңге шығын келген

  • 166
Қараталдағы дүлей дауылдан 3 млн теңге шығын келген

Шығыс Қазақстан облысында дүлей дауыл елді әбден әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаратал ауылының тұрғындары 3 млн теңге шығынға батты. Мамандардың есебі осындай.

Еске сала кетейік, бұдан үш күн бұрын дүлей дауыл мұндағы 34 үйдің шатырын ұшырып әкеткен еді. Екпіні секундына 27 метрге дейін жеткен жел шаруашылыққа тырдан басқа да бір-ақ сәтте шатырларды жұлып, аула қоршауларын бүлдірген. Абырой болғанда, адам қазасы жоқ. Табиғи апат салдарын жоюға жергілікті тұрғындармен қатар, волонтерлер де жұмылған. Қазір ауылда 10 үй қалпына келтірілді.

ШҚО: Зайсанда жолындағыны жайпаған желдің салдарын жойып жатыр

Хабар 24 телеарнасы