429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да байыту фабрикасының жұмысшысы қаза тапты

  • 98
ШҚО-да байыту фабрикасының жұмысшысы қаза тапты

ШҚО-да Ақтоғай кен орнының екінші байыту фабрикасының құрылысы кезінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі KAZ Minerals тобының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода хабарлағандай 7 қыркүйек күні монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде сағат 22:00 шамасында ICG компаниясының қызметкері биіктіктен құлап кетті. Құлау салдарынан ол өте ауыр жарақат алды.

«Оқиға орнындағы жұмыстар тоқтатылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Қайғылы оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Хабар 24 телеарнасы