420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты

  • 85
  • UPD: 15:09, 08.09.2020
Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты lada.kz

Тұрғын үй пәтерлерінің бірінде көрпе мен жиһаз жанып кетті.

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 7 қыркүйектен 8 қыркүйекке қараған түні Жаңаөзендегі «Көктем» шағын ауданында орналасқан №55 үйдің үш бөлмелі пәтерінің бірінде болған.

Балалар бөлмесінде көрпе мен жиһаз жанып кетті. Өрт салдарынан ауа баптағыш пен керме төбелер балқып кетті.

«Жану алаңы 14 шаршы метрді құрады. Қалған бөлмелердегі өрт толығымен сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 23:50-де сөндірілді», – деп мәлімдеді өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы