420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудан Алматыға бағыт алған ұшақ апатты жағдайда қайта қонды

  • 131
  • UPD: 16:06, 08.09.2020

Атырау әуежайынан көтеріліп, Алматыға бағыт алған Fly Arystan әуе компаниясының ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жағдайға желдету жүйесінің істен шығуы себеп болған.

Толығырақ тікелей эфирге шыққалы тұрған арна тілшісі Асланбек Шығыр баяндайды.

Асланбек Шығыр, тілші:

- Иә, кеше кеште мұнайлы шаһардан Алматы қаласына бағыт алған ұшақ желдету жүйесінің істен шығуы салдарынан Атырау әуежайына қайта қонды. Бұл туралы Жолаушылар әлеуметтік желілерде жариялаған. Желдету жүйесінің істен шыққаны туралы дабыл келген уақытта экипаж мүшелері дереу қонуды ұйғарған. Алайда, бірнеше сағат қона алмай, әуеде қалықтап жүріпті. Қажетті қону салмағына жету үшін отынды жағуды белгілейтін ережеге байланысты дереу қону мүмкін болмаған көрінеді. Ұшақ қайта қонғаннан кейін Air Astana әуе компаниясының инженерлік қызметі техникалық тексеру жүргізген. Тексеріс жүргізілгеннен кейін жарты сағат ішінде ақаудың қайдан шыққаны анықталып, дереу шаралар қолданылыпты. Бұдан соң ұшақтың қайта ұшуына рұқсат беріліп, сертификатталған.

Айта кетейік, ұшу кезінде бортта барлығы 144 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болған. Алайда, ұшақ Атырау халықаралық әуежайына оралғаннан кейін 27 жолаушы ұшаққа отырудан бас тартыпты.

Хабар 24 телеарнасы