424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай қаласының орталығында автобус жаяужолға ұшып кетті

  • 145
  • UPD: 16:03, 08.09.2020
Қостанай қаласының орталығында автобус жаяужолға ұшып кетті

Бүгін Қостанайда сағат 14:15 шамасында Тәуелсіздік – Баймағамбетов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Alau.kz

Қостанай облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 41 жастағы №102 маршруттық автобустың жүргізушісі Тәуелсіздік көшесімен Тобыл өзеніне қарай жүріп, Баймағамбетов көшесіне солға бұрылған кезде көлікті басқара алмай алмаған.

Жүргізуші қонақүй аумағының жаяужолына кіріп, шыршаға соғылады. Болжам бойынша апаттың себебі жүргізуші өзін жайсыз сезінгеннен болған. Автобус жолаушыларының арасында зардап шеккендер жоқ.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай жүргізуші Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілді.

«Сіңірлері тартылған. Гипертониялық криз. Ер адам қазір ауруханада жатыр», – деп хабарлады ведомствода.

Хабар 24 телеарнасы