426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында алтын бұйымдар ұрлаған күдікті ұсталды

  • 126
  • UPD: 16:22, 08.09.2020
Жамбыл облысында алтын бұйымдар ұрлаған күдікті ұсталды polisia.kz

Жамбыл облысында алтын бұйымдарының ірі ұрлығы анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының 71 жастағы тұрғыны полицияға жалпы құны 845 000 теңге болатын алтын әшекейлерінің ұрланғаны туралы арызданған.

Полиция қызметкерлері күдікті деп танылған Түркістан облысының 38 жастағы тұрғынын ұстады. Ол күндіз үй иелері болмаған кезде ұрлық жасағанын айтты. Ұрланған затты сатып үлгермеген. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті қамауға алынды. Айғақты зат ретінде ұрланған мүлік тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. Полиция қызметкерлері ер адамның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

 

Хабар 24 телеарнасы