424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 6-сыныптың онлайн сабағына енген бұзақы балағат сөздер жазған

  • 169
  • UPD: 18:01, 08.09.2020
Ақтөбеде 6-сыныптың онлайн сабағына енген бұзақы балағат сөздер жазған

Ақтөбедегі номері 17 мектептің 6-класс оқушыларына математика сабағы болып жатқан кезде ортақ платформаға белгісіз қолданушы еніп, балағат сөздер жазған. Мұғалім оны бірден жүйеден шығарып тастағанымен ол әрекетінен түк шықпаған. 

Облыстық білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, балағат сөз жазған қолданушы мектеп оқушысы емес. Бірақ соларға тиесілі логині мен құпия сөз арқылы жүйеге енген. Сондықтан онлайн қылмыскерді анықтау қиынға түспеуі тиіс.

Гүлназ Мырзағалиева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Кім адам екені анықталған жоқ. Оның ішкі істер анықтайтын болады. Қазіргі таңда Ақтөбе облысының білім басқармасы бұл мәселені анықтау үшін.

Жаңа оқу жылындағы қашықтан оқу мәселесінің қызығы мен шыжығы жайында арнамыздың қорытынды жаңалықтарында толығырақ айтылады.

Хабар 24 телеарнасы