426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында жоғалған ер адамның мәйіті табылды

  • 270
  • UPD: 16:55, 08.09.2020
Қостанай облысында жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Қостанай облысында жоғалып кеткен 26 жастағы жергілікті тұрғынның денесі  6 қыркүйек күні Мечетное ауылынан 3 шақырым жерде табылды.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды alau.kz.

Ер адамды іздеу оның анасы 31 тамызда аудандық полиция бөліміне жүгінген сәттен бастап жүргізілген.

Іздеу шаралары Қамысты және Жітіқара аудандарының бірнеше ауылының аумағында жүргізілді. Іздеуге 30-дан астам ерікті жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы