426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында мал ұрлаған екі топ қолға түсті

  • 199
  • UPD: 20:55, 08.09.2020
Түркістан облысында мал ұрлаған екі топ қолға түсті

Өткен аптада Түркістан облысының полицейлері ірі мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топты ұстады.

Тергеу мәліметіне сәйкес, әзірге олардың 23 іске қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 40 млн теңге. Барымташылар облыс аумағында әрекет еткен. Олардан өңірдегі 6 ауданның тұрғындары зардап шеккен. Баукеспе ұрылар тек ірі қара мен жылқыларды ұрлап кетіп отырған. Күдіктілер соңғы бір жылда 20 бас сиыр мен 58 бас жылқыны қолды қылды. Малдың кейбірі қорадан жоғалса, кейбірін жайылымнан айдап әкетіп отырған. Ұсталғандар Түркістан мен Шымкент қаласының тұрғындары. Күдіктілердің бір тобы ұрланған малды жүк көлігімен жеткізіп отырса, екіншісі соларды қамайтын қора-жайды сайлап, жасырып ұстаған. Қылмыстық топтың біреуі 5, екіншісі 3 адамнан құралған. Ұрланған малды сатып алып отырған тағы 4 адам ұсталды. Қолға түскен күдіктілерден 42 бас жылқы тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Қазір бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалары жүргізіліп жатыр.

Сұлтанбек Үсіпбеков, Түркістан облысы полиция департаменті  басқармасы бастығының орынбасары: 

- Жыл басынан жалпы мал ұрлығымен 15 қылмыстық топ ұсталды. Олар 43 адамнан құралған. Оларға 101 мал ұрлығы дәлелденіп сотқа жоланған. Жыл басынан бері ұрланған 900-ден астам малдан иелеріне 500-ден астамы қайтарылды.

Хабар 24 телеарнасы