420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда онлайн сабақ барысында жаға ұстарлық жағдай болды

  • 158
  • UPD: 22:53, 08.09.2020

Алматыда онлайн сабақ барысында ата-аналардың жағасын ұстатарлық жағдай болды. Орыс тілі пәні кезінде белгісіз біреулер ZOOM интернет платформасына кіріп, әдепсіз бейнеролик пен суреттерді көрсеткен. Арсыз адам балағат сөздер айтып, сабақ үстінде ойына келгенін істеген. Бұл бірінші рет емес. Бұған дейін 2 қыркүйекте математика пәні кезінде дәл осындай жағдай тіркелген.

Ашуға булыққан ата-аналар бірден Алмалы аудандық полиция басқармасына арыз түсірген. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Енді мектеп әкімшілгі білім беру платформасына бөгде адамдардың кіруін шектейтін неғұрлым қауіпсіз жүйеге ауысу мәселесін қарастырып жатқан көрінеді.

- Осындай көргенсіздікке жол берілмес үшін ешқандай шара қолданылған жоқ. Болмаса бұл туралы мектеп директоры мен мұғалімдер және сынып жетекшісі білген. Олардан сұрасақ біз ештеңе істей алмаймыз дейді. Біздің кінәміз жоқ деп ақталады.

Мектептегі барлық сабақтар Zoom платформасы арқылы жүргізілген. Оны мұғалімдердің өзі таңдапты. Бөгде адамның онлайн сабаққа қалай қосылғанын енді полиция анықтайды.

Андрей Дупик, қалалық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының директоры:

- Біз ешкімге тыйым сала алмаймыз. Өйткені мұғалімге қолайлысы сол жер. Қазіргі уақытта ұстаздарды оқыту үшін арнайы жүйелерді қолдану үшін белсенді түрде жұмыс жасап жатырмыз. Онлайн мектеп пен сфера бұл біздің қазақстандық жүйе. Одан кейін Майкрософт тимсті де қолданатындар бар.

Хабар 24 телеарнасы