420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында жоғалып кеткен тағы бір адамның денесі табылды

  • 133
Қостанай облысында жоғалып кеткен тағы бір адамның денесі табылды

Бір ай бұрын жоғалып кеткен 35 жастағы Юрий Бергтің денесі табылды, деп хабарлайды «Дос» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері.

Юрий Берг 2020 жылғы 16 тамызда Қостанай облысы, Ы.Алтынсарин ауданы, Щербаково ауылында жоғалып кетті. Ол велосипедпен орманға кетеді, бірақ сол күйі үйіне оралмаған.

«Іздестіру тоқтатылды. Ер адамның денесі 7 қыркүйек күні табылды. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде», – дейді «Дос» іздестіру-құтқару жасағының координаторы Олеся Логошиновская.

 

Хабар 24 телеарнасы