428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда өрт кезінде 60 адам эвакуацияланды 

  • 167
  • UPD: 10:51, 10.09.2020
Қостанайда өрт кезінде 60 адам эвакуацияланды 

Тоғыз қабатты үйдің қоқыс құбыры өртенген.

Тұрғындар подъезде тарсыл естіп, дереу өрт сөндірушілерді шақырған, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Құтқарушылар келгенде бірінші қабаттағы қосалқы бөлмеде тұрмыстық қалдықтардың жанып жатқаны белгілі болды. Лаулаған от әсерінен қоқыс құбыры жарылып, көк түтін подъездге тарап кеткен. Өрт сөндірушілер 60 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Оның 17-сі балалар. Зардап шеккендер жоқ. Оқыс оқиғаға отты абайсыз пайдалану себеп.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы