420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда трамвай мен автокөлік соқтығысты

  • 108
  • UPD: 12:19, 10.09.2020
Павлодарда трамвай мен автокөлік соқтығысты ҚазАқпарат

Павлодар қаласында трамвай мен автокөлік соқтығысты.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«10 қыркүйек күні Павлодар қаласындағы Горький-Мәшһүр Жүсіп көшелерінің қиылысында трамвай мен «Тойота-Авенсис» көлігі соқтығысты. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ», ­– деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жол-көлік оқиғасының фактісімен «Тойота-Авенсис» көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 595-бабының 1-бөлімімен («Маневр жасау ережелерін бұзу») әкімшілік хаттама толтырылды.

Хабар 24 телеарнасы