429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте құрылысы бітпеген нысан өртенді

  • 145
  • UPD: 17:19, 10.09.2020
Шымкентте құрылысы бітпеген нысан өртенді

Шымкентте құрылысы бітпеген нысаннан өрт шықты.

«Тассай» индустриалдық аймағында орналасқан серіктестіктің екі қабатты құрылысы бітпеген ғимаратының шатыры отқа оранды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін сағат 11:39-да жаңа ғимараттан шыққан. Жалын жалпы көлемі 432 шаршы метр жер мен 258 шаршы метр шатыр аумағын шарпыды, құрылыс заттары жанып кеткен.

«Өртті сөндіруге жеке құрамнан 38 адам мен 8 техника жұмылдырылды. Тілсіз жау сағат 12:19-да оқшауланып, сағат 12:46-да толығымен сөндірілген. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы