420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті

  • 125
  • UPD: 12:44, 11.09.2020
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті

Рудныйда екі көлік соқтығысты, деп хабарлады alau.kz.

10 қыркүйек күні сағат 11:00 шамасында Рудный қалалық полиция бөлімінің 102 пультіне «Бак-бак» базары ауданында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері «KIA» көлігінің жүргізушісі жүріп келе жатқан «Mazda» автокөлігіне жол бермегенін анықтады. Апат салдарынан әртүрлі жарақат алған екі адам ауруханаға жатқызылды. Жол апаты бойынша материалдар жиналды.

Хабар 24 телеарнасы