420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

  • 129
  • UPD: 15:13, 11.09.2020
Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қызылорда облысында тағы 2 есірткі алқабы табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы қарасора өсімдігі Жаңақорған ауданының Келінтөбе ауылы маңындағы құм арасына егілген. Аумағы 20 сотық қос алқаптан барлығы 5032 түп есірткі шөбі алынған. Сондай-ақ қарасора өсірумен айналысқан 3 күдікті ұсталды. Облыстық ішкі істер департаменті мен Ұлттық ұлан қызметкерлері тікұшақ арқылы әуеден бағдарлау барысында есірткі алқаптарын анықтап, сезіктілерді қолға түсірген.

Ерболат Төрахметов, Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

- Аталған дерек бойынша сезіктілер Жаңақорған аудандық полиция бекетінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, қазіргі уақытта ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы