426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда полициядан қашқан мас жүргізуші ұсталды

  • 144
  • UPD: 20:19, 11.09.2020
Павлодарда полициядан қашқан мас жүргізуші ұсталды

Павлодар облысында ішімдікке тойып алған жүргізушіні полиция қуып жүріп ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

30 жастағы ауыл тұрғыны әкесінің көлігін мініп кеткен. Жүргізуші куәлігі де болмаған. Омбы бағытындағы тасжолмен жүйткіген көлікті байқаған полиция тоқтатуға әрекет жасаған. Алайда жүргізуші жылдамдықты одан сайын арттырып, Павлодар қаласына қарай қашқан. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік басқаларға қауіп төндірді. Құқық бұзған жігіт Мичурин ауылы маңында ұсталды. Қазір әкімшілік іс қозғалып, көлік айып тұрағына қойылды. Жыл басынан бері облыста мас жүргізушілер 14 рет жол апатына түскен. 2 адам қайтыс болып, 19 адам жарақат алған.  

Хабар 24 телеарнасы