429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде көлік апатынан бір адам көз жұмды

  • 143
Ақтөбеде көлік апатынан бір адам көз жұмды

Ақтөбе - Атырау тасжолында екі көлік соқтығысып, 39 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Деу-Нексия» маркалы көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Алға ауданы Бестамақ ауылының маңында қарсы бағытқа шығып, «Фольцваген-Пассат» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы кезінде «Деу-Нексия» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы Алға қаласының ауруханасына жатқызылды. Ал 39 жастағы әйел алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. «Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтау, белгіленген жылдамдықты, қозғалыс аралығын сақтауға шықырады», - деді облыстық облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Хабар 24 телеарнасы