426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысының полициясы: жоғалған бозбаланың денесі табылды

  • 216
  • UPD: 15:52, 12.09.2020
Алматы облысының полициясы: жоғалған бозбаланың денесі табылды polisia.kz

11 қыркүйегінде 102 пультіне Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының 45 жастағы тұрғыны Шелек ауылынан үш шақырым жердегі көл жағасынан жас жігіттің жансыз денесін тапқаны туралы суық хабар жеткізді, деп хабарлайды polisia.kz.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіттің хабар-ошарсыз кеткен 17 жастағы Равиль Абумуслимовқа тиесілі екенін анықтады. Ер адам балық аулау кезінде мәйітті тауып, дереу полицияға хабарлаған. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Естеріңізге сала кетейік, Равиль ағымдағы жылдың 30 тамызында Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жоғалып кеткен болатын. Полицияға баланың туыстары жүгінген. Іздеу жұмыстарын уәкілетті органдар мен еріктілер белсенді түрде жүргізген.

Хабар 24 телеарнасы