421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада үй қызметкері зергерлік бұйымдарды ұрлап кетті

  • 107
Елордада үй қызметкері зергерлік бұйымдарды ұрлап кетті

Елордада үй қызметкері зергерлік бұйымдарды ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасаған күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында 29 жастағы әйел пәтер жинаумен айналысуға жәбірленушінің өтініші бойынша келгені анықталды. Оны ешкім бақыламайтынын пайдаланып, әйел жалпы сомасы 170 мың теңге болатын алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған әйел өз кінәсін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Полицейлер оның елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қырағы болуға және құнды заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Бөгде адамдарды жұмысқа қабылдар алдында олардың өткені туралы анықтап, құжат көшірмелері мен ұсыным хаттарды талап ету қажет.

Хабар 24 телеарнасы