420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда жеке тұрғын үйден өрт шықты

  • 68
  • UPD: 10:09, 14.09.2020
Талдықорғанда жеке тұрғын үйден өрт шықты фото: tengrinews.kz

Талдықорған қаласында жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Автокөлік гаражынан басталған өрт жалғас салынған көмір қоймасын шарпып, 40 шаршы метр аумақ жанып кетті. Шағын қоймада 2 тоннаға жуық көмір және 20 литрлік сұйылтылған газдан босаған баллон болған. Өрт кезінде отқа оранған баллондағы қалдық жарылып кетті. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Қазір құзырлы органдар оттың шығу себебін анықтауға кірісті.

Хабар 24 телеарнасы