429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында жұмысшы комбайнның астына түсіп қалды

  • 106
  • UPD: 11:45, 14.09.2020
Павлодар облысында жұмысшы комбайнның астына түсіп қалды

Павлодар облысы Ақсу ауылдық аймағында ер адам комбайнның астына құлаған.

59 жастағы тұрғын түрлі жарақаттармен Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 13 қыркүйек күні болған. 

«Картоп жинайтын комбайнмен жұмыс істеп жүрген ер адам абайсызда техниканың астына құлап түскен. Жазатайым жағдай Еңбек ауылының маңында суармалы жерде картоп жинап жүрген кезде болған», - деді департаментте.

Аталмыш факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Хабар 24 телеарнасы