428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды

  • 172
  • UPD: 16:16, 14.09.2020
Ақтауда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды

Ақтау қаласының 4А шағын ауданында суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды.

Бұл туралы lada.kz құтқару станциясына сілтеме жасап хабарлады.

Ер адамның жағадан 50 метр қашықтықта суға батып бара жатқаны туралы хабарлама құтқару станциясына 13 қыркүйек күні сағат 23:13-те түскен.

«Екі құтқарушы резеңке қайықпен көмекке шықты. 1977 жылғы азамат құтқарылып, құтқару станциясына жеткізілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», - деп хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы