420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда із-түзсіз кеткен жылқышының денесі терең шұңқырдан табылды

  • 90
  • UPD: 16:53, 14.09.2020
Атырауда із-түзсіз кеткен жылқышының денесі терең шұңқырдан табылды

Атырау облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен жылқышыны өлтірген күдіктіні ұстап, қоғамда дау туғызған қылмысты ашты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бұған дейін 6 қыркүйекте Жылыой ауданының 47 жастағы тұрғыны жылқыларын іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен еді.

Аталған факті бойынша Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жоғалған азаматтың жүрген жерін анықтау үшін полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер далалық аумақты аралап, іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізілді.

«Бүгін, 14 қыркүйекте полиция қызметкерлері Жылыой ауданындағы Құлсары қаласынан 100 шақырым жердегі Қырықмылтық кен алаңы маңында 15-20 метр тереңдіктегі шұңқырдан жоғалған азаматтың өлі денесін тапты. Осы дерекке қатысты сараптама тағайындалды. Аталған қылмысқа күдікті Жылыой ауданының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті бұрын сотталған. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу кезінде қылмыстың себебі анықталады», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы