426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да тағы да құстар қырылды

  • 105
  • UPD: 21:49, 15.09.2020

Солтүстік Қазақстан облысында тағы да құстар қырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы Якорь ауылының қаздары қынадай өліп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, оларды есептеп жатқан ешкім жоқ. Шығынға батқан шаруалар өлекселерді өздері өрттеуге мәжбүр. Ветеринар мамандар қанаттылардан қан алып, Нұр-Сұлтан қаласына зерттеуге жөнелтті. Оның қорытындысы осы аптаның соңына дейін дайын болуы тиіс. Әзірге ауру шыққан ауылдарда карантин жарияланған жоқ. Ал, жаз бойы өсірген құстарынан айырылған тұрғындар өтемақы талап етіп отыр.

Жаңалық Сарғалин, Якорь ауылының тұрғыны:

- Ауру 3 қыркүйекте өзін көрсетті. 4-інен 7-іне дейін 4 күннің ішінде менде 870 қазым түгел қырылып қалды. Қазіргі таңда жоқ мүлдем. Қаздармен 5 жыл бойы айналысып келемін. 5 жылдың ішінде ондай ауру, мұндай ауруды естімегенмін мен.

Қайырлы Қазанов, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

- Якорь ауылында 10 үйде 200 шамасында құс қырылыпты. Біздің ветеринарлық мамандар олардың бәрін «инсинератор» дейді, соған жағып, күйдіріп бітірді. Зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. 800-900 болса, болған шығар. Біздің мамандар көрген жоқ оны. Біз көргенімізді айтып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы