421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда науқас балаларды ұрып-соққандар сотталды

  • 94
  • UPD: 08:48, 16.09.2020
Павлодарда науқас балаларды ұрып-соққандар сотталды

Павлодар қаласында науқас балаларды ұрып-соққан санитар-мамандарға жаза кесілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тергеу барысында олардың түнгі уақытта психоневрологиялық ауытқулары бар науқастарды кереуетке жіппен байлап қойғаны анықталды. Балалар психоневрологиялық орталығының екі қызметкеріне қатысты сот жабық режимде өтті. Айыптылар өз кінәларын толық мойындады.

Еске салайық, әлгі оқиға бойынша 16 іс қозғалған болатын. Осы уақытқа дейін бас санитар да 3,5 жылға шартты түрде бостандықтарынан айырылды. Мамандардың балаларды жәбірлеу фактілері бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеру барысында анықталды.

Қазір соттың қарауында тағы 9 іс жатыр. Айта кетейік, бұл жағдай медициналық мекеменің ұжымына үлкен сабақ болды. Енді бейнебақылау камераларына ілінген кадрларды ата-аналар кез келген уақытта қарай алады.

Гүлсім Ахтаева, қалалық №2 соттың баспасөз хатшысы:

– Қала прокуроры мен кінәлілер арасында кінәні мойындау туралы мәміле келісім нысанындағы процестік келісім жасалды. Сот үкімдерімен Павлодар қаласының психоневрологиялық орталығының қызметкерлері кәмелет жасқа толмағандарды азаптағандары үшін 3 жыл, 6 айға бас бостандығынан шектеу жазаға тартылды. Сот үкімдері заңды күшіне енді.

Хабар 24 телеарнасы