420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда екінші күдікті тұтқындалды

  • 118
  • UPD: 12:13, 16.09.2020

Атырау облысында шаруа қожалағының жетекшісін өлтіруге қатысы бар екінші күдікті тұтқындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, 6 қыркүйек күні мал іздеп кеткен қожалық басшының мүрдесі кеше терең шұңқырдан шыққан болатын. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1982 жылы туған Құлсары қаласының тұрғыны тұтқындалған еді. Енді тағы бір күдікті ұсталды.Тәртіп сақшылары Жылыой ауданында мал ұрлауды кәсіп еткен  қылмыстық топ болған дегенді айтады.

 

Қызылорда полиция бекетінен өрт шықты

Қызылорда қаласындағы полиция бекеттерінің бірінен өрт шықты. Оқиға 14 қыркүйекте түскі мезгілде Жаппасбай батыр көшесі №7 тұрғын үйдің жанында орналасқан Самара-7 стационарлық бекетінде болған. Жалпы ауданы 18 шаршы метр болатын аумақ отқа оранды. Облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел әрекеті арқасында өрттің ұлғаюына жол берілген жоқ. Тілсіз жаудың бетін қайтаруға 9 өрт сөндіруші мен 2 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен одан келген шығын анықталуда.

 

Өскеменде қорадағы шөпке де қауіп төнді

ШҚО-да тұрғындардың қорадағы шөбі өртеніп жатыр. Жыл басынан бері облыста бері 122 оқиға тіркеліп, жалпы келген шығын мөлшері 12 млн теңдеген асқан. Бұл өткен жылғыдан 3 есе артық. Тек қана тамыз айынан бері 800 тоннаға жуық мал азығы жанып кеткен. Өткен аптада Зайсан, Көкпекті аудандарында 5 бірдей өрт оқиғасы анықталып, 270 тонна шөп жалынға оранды. Осылайша тұрғындар қуаңшылықта әрең жиған шөптерінен қағылып, шығынға ұшырауда. Төтенше жағдайлар қызметінің айтуынша, барлық жағдайға қарапайым салғырттық себеп. Өйткені жиылған шөп, үй-жайға, электр бағандарына өте жақын орналасқан.

 

Павлодарлық бозбала қозғалысқа қатер төндірді

Атыңызды шығарудың әртүрлі амалы бар. Бірақ өзінің және өзгенің өміріне қатер төндіру арқылы алған атақ өкінішке ұрындырарын да ұмытпаған дұрыс. Павлодар қаласының 19 жасар тұрғыны көшеде айналып секіру арқылы көзге түскісі келген. Өзінің ойынына еліткені сондай, тіпті қала көшелеріндегі қозғалысқа қатер төндіргенін байқамай қалыпты.

Кешікпей қолға түскен бозбала тәртіп сақшыларына: «Мұны әлеуметтік желіде көп дауыс жинау үшін істедім», – деп ақталды. Алайда заң баршаға ортақ. Енді ол көше қозғалысының қауіпсіздігіне кесел келтіргені үшін заң алдында жауап беретін болады.

Хабар 24 телеарнасы