426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында өрт орнынан жеті жасар баланың мәйіті табылды

  • 116
  • UPD: 12:38, 16.09.2020
Қостанай облысында өрт орнынан жеті жасар баланың мәйіті табылды

Қостанай облысында өртенген үйден 7 жасар ұл баланың денесі табылды.

Баланың 61 жастағы әжесі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы alau.kz Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Өрт сөндіру қызметіне 16 қыркүйекте таңғы сағат 7:05-те Береговой ауылының Молодежная көшесінде екі пәтері бар бір қабатты тұрғын үй жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Алғашқы өрт сөндіру тобы оқиға орнына сағат 07:43-те жеткенде бірінші пәтердің толық және екінші пәтердің шатырының толығымен өртеніп жатқандығы анықталды.

1-пәтерден 2013 жылы туған баланың мәйіті табылды. Оның 1959 жылғы әжесі Рудный қаласындағы ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Өрттің шығу себептерін анықтау үшін қызметкерлер оқиға орнында жұмыс істеуде. Өрт сағат 08:17-де оқшауланып, 09:50-де сөндірілді. Өрттің аумағы 100 шаршы метрді құрады.

Хабар 24 телеарнасы