420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 7 жасар бала жоғалып кетті

  • 76
  • UPD: 14:28, 16.09.2020
Жамбыл облысында 7 жасар бала жоғалып кетті

Жамбыл облысында тікұшақтардың көмегімен 7 жасар бала іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Tengrinews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2013 жылғы бала Мойынқұм ауданы Көшаман ауылында тұрады. Ол 15 қыркүйекте жоғалып кеткен. Шамамен сағат 15:00-де бала үйден атпен шыққан. Соңғы рет оны адамдар сағат 18:00 шамасында Көшаманнан 30 шақырым жерде орналасқан Жасұлан ауылының маңында көрген.

Қазір іздеуге 200-ден аса полиция қызметкері, құтқарушылар, кинологтар, жергілікті тұрғындар арасынан еріктілер атсалысып жатыр. Іздестіру шараларына Қазақстан ТЖМ «Қазавиақұтқару» «Еврокоптер» тікұшағы жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы