421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда өртеніп жатқан пәтерден үш ер адам құтқарылды

  • 72
  • UPD: 12:29, 17.09.2020
Алматыда өртеніп жатқан пәтерден үш ер адам құтқарылды

Алматылық өрт сөндірушілер өртеніп жатқан пәтерден үш ер адамды құтқарды.

Пәтерде төсек-орын мен тұрмыстық заттар өртенген, деп хабарлады inAlmaty.kz қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үшінші қабаттың терезесінен шыққан түтінге байланысты көршілері өрт сөндірушілерді шақырған.

«Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан пәтердің дәлізінде ер адамның жатқанын көрді, пәтердің қонақ бөлмесінде тұрмыстық заттар мен төсек-орын өртеніп жатқан. Ол жерден тағы екі адам табылды. Олар мас күйде болғанға ұқсайды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер ер адамдарды өртеніп жатқан пәтерден шығарып алып, оларды токсикология бөліміне жатқызу үшін жедел жәрдем тобына тапсырды. Қазіргі уақытта олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы