426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы саяжайда 20-дан аса үй өртеніп кетті

  • 154
  • UPD: 17:43, 17.09.2020
ШҚО-дағы саяжайда 20-дан аса үй өртеніп кетті

Шығыста дала өрті өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен түнде осы өңірдегі Глубокое ауданындағы саяжайда 20-дан аса үй жанып кетті. Тоқтаусыз соққан жел арқылы тараған жалын қураған шөп пен ағашқа тиіп, бас-аяғы бір сағатта талай аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге сол маңдағы темір жол техникасы көмекке келді. Төтенше жағдай қызметінен 13 өрт сөндіру машинасы мен 75 маман жұмылдырылды. Тілсіз жаудан саяжайдағы кей үйдің іргетасы ғана қалған. Жергілікті әкімдік қанша саяжайдың зардап шеккенін нақтылап жатыр. Өрт себебі анықталуда. 

Азат Ахмадиев, саяжай иесі:

– Елдің айтуы бойынша өрт қаладағы теміржол жақтан шыққан дейді. Саяжайымның төбесі ғана жанып кетті. Қалған жерлері аман. Содан кейін қойма, дәретхана жанды.

Дмитрий Титов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Қазір өрт ошағы болған жерде арнайы зертхана мамандары жұмыс істеп жатыр. Оттың бастапқы тұтанған жерін нақты анықтайтын болады. Әзірге әртүрлі болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы