426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аялдамада тұрған адамның телефонын алып қашқан қыз ұсталды

  • 100
Аялдамада тұрған адамның телефонын алып қашқан қыз ұсталды

Шымкентте аялдамада тұрған адамның телефонын алып қашқан ару ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай ауданы Полиция басқармасына Түркістан облысының тұрғыны өзіне қатысты жасалған алаяқтық фактісі туралы арызданды.

Жәбірленуші ер азаматтың айтуынша, қаладағы аялдамалардың бірінде өзі танитын қыз 80 мың теңге тұратын ұялы телефонын қоңырау шалуға сұрап алып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы іс бойынша күдікті 32 жастағы азаматша анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы