427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде «КамАЗ» көлігі бес жасар баланы басып кетті

  • 256
  • UPD: 12:12, 18.09.2020
Ақтөбеде «КамАЗ» көлігі бес жасар баланы басып кетті

Ақтөбеде 5 жасар бала жол апатынан көз жұмды.

17 қыркүйекте «КамАЗ-65115» автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі М.Жұмабаев көшесімен Мехколонна көшесі бағытында келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінен жолдың тыс жүру бөлігін кесіп өткен кәмелетке толмаған баланы қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 жасар бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы