427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында шетелдік жүк көлігі жанып кетті

  • 204
  • UPD: 14:16, 18.09.2020
Атырау облысында шетелдік жүк көлігі жанып кетті

Атырау облысының Құрманғазы ауданында шетелдік жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 17 қыркүйекте болған.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне кешкі сағат 20:24-те Құрманғазы ауданында жүк көлігінің өртенгені туралы хабар түсті. Атырау – Ақтөбе тас жолының 798-шақырымында Түркиядан Өзбекстан Республикасына бара жатқан «Mercedes Benz» маркалы фура автокөлігінің жанғаны анықталды. Өртті сөндіруге Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 6 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды. Көлік өрті сағат 23:19-да толық жойылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы