427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екі мұғалімге жас қыздарды зорлады деген айып тағылды

  • 188
  • UPD: 15:20, 18.09.2020
Екі мұғалімге жас қыздарды зорлады деген айып тағылды

Алматы облысы Үштөбе қаласында екі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 16 жастағы қыздарды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы полицейлерге жәбірленушілердің ата-аналары хабарлаған. Қазір күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, дене тәрбиесінен сабақ беретін жігіттер дос-жаран. Оларға бойжеткендерді бір емес, бірнеше рет зорлады деген ауыр айып тағылып отыр. Зардап шегушілердің біреуі колледжде, ал екіншісі мектепте оқиды.

Хабар 24 телеарнасы