432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында да үй құстарының қырылғаны анықталды

  • 208
  • UPD: 20:24, 18.09.2020
Ақмола облысында да үй құстарының қырылғаны анықталды

Ақмола облысында да үй құстарының қырылғаны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға бір апта бұрын Жарқайың ауданының Шойындыкөл ауылында болған. Ветеринарлардың айтуынша, 200-ден астам тауық пен қаз-үйрек өлген.

«Қазір үй құстарының неден қырылғаны анықталып жатыр», - дейді, мамандар. Облыс бойынша құс тұмауының алдын алу шаралары басталып кетті. Мал дәрігерлері үй-үйді аралап, тұрғындарға құстарын қамап бағуды ескертіп жатыр. Жыл құстары жайылатын су қоймаларының маңы бақылауға алынған. Қазір өңірдегі құс саны есептеліп, вакцина сатып алу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне өтінім жолданды. Санитарлық дәрігерлер құс тұмауын жұқтырып алмау үшін тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырады.

Талғат Жүнісов, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Өлген құстың денесі сараптамаға елордаға жіберілді. Бірақ енді біз «құс тұмауынан» деп дәл айта алмаймыз. Ол жақта да көп көлдер бар, сулар бар. «Сондықтан жыл құстарынан бірдеңе жұғуы мүмкін» деп өзіміз жобалап отырмыз. Ал, сараптама келмейінше, біз нақты сол ауру деп айта алмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы