428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-ның 17 ауылында құс тұмауы тіркелді

  • 143
  • UPD: 13:47, 21.09.2020
СҚО-ның 17 ауылында құс тұмауы тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі күні өңірде 11 мыңнан астам үй құсы қырылып қалған. Абырой болғанда, адамға жұққаны жайында дерек тіркелген жоқ. Қауіпті індетке байланысты облыс әкімінің қаулысымен әзірге 7 аудандағы 11 елді мекенде карантин жарияланды. Бүгіннен бастап тағы алты ауыл жабылуы мүмкін. Дегенмен ауылдарға блок-бекеттер қойылып, кіріп-шығу әзірге шектелген жоқ. Халық қазір емін-еркін қатынап жүр.

Евгений Твердохлебов, Якорь ауылының тұрғыны:

– Мыңдап қырылып жатыр. Оның үстіне халық етті қайда өткізерлерін білмей дал. Әзірге ауыл жабылған жоқ. Ешқандай бекет те қойылмады. Көліктерді де тексеріп жатқан ешкім жоқ.

Хабар 24 телеарнасы