428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстауда жеңіл көлік пен «КамАЗ» соқтығысып, бір адам қаза тапты

  • 138
  • UPD: 14:48, 21.09.2020
Маңғыстауда жеңіл көлік пен «КамАЗ» соқтығысып, бір адам қаза тапты

Ақтау – Жаңаөзен тас жолында бүгін, 21 қыркүйекте жол-көлік оқиғасы болды.

Апаттан бір адам қаза болып, үш адам жарақат алды. Бұл туралы lada.kz облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға таңғы сағат 07:50 шамасында Ақтау – Жаңаөзен тас жолының 66-шы шақырымында болды.

«LADA vesta жеңіл көлігі мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты. Апат салдарынан Lada vesta жолаушысы сол жерде қайтыс болды, жарақат алған үш адам Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілді. Бұл факт Қарақия аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Автокөліктер айыппұл тұрағында», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы