428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да сіріңкемен ойнаған бала 12 тонна шөпті өртеп жіберді

  • 162
  • UPD: 11:05, 22.09.2020
ШҚО-да сіріңкемен ойнаған бала 12 тонна шөпті өртеп жіберді

Шығыс Қазақстан облысының Шар қаласында сіріңкемен ойнаған бала 12 тонна шөпті өртеп жіберді.

Куәгерлердің айтуынша, балалар шөп қорада ойнап жүрген. Пішен қораның төбесіне және жанына жиналған. Алты жасар бала сіріңкемен ойнап, соңы өртке ұласты, деп хабарлады ustinka.kz.

Алты минуттан кейін оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға бір сағаттан астам уақыт кеткен.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы