427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да көмір тиелген тіркеме аударылып қалды

  • 121
  • UPD: 11:29, 22.09.2020
СҚО-да көмір тиелген тіркеме аударылып қалды

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында көмір тиелген тіркеме аударылып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

21 қыркүйек күні «КамАЗ» көлігінің 38 жастағы жүргізушісі Петропавл қаласынан Есіл ауданына бет алып бара жатқан. Бағдаршамға тоқтаған алдындағы көлікпен соқтығыспау үшін жүк көлігінің жүргізушісі кенеттен жасаған тежеудің нәтижесінде көмір тиелген тіркемені аударып алған. Жол шетіндегі металл қоршаулар да зақымдалды.

Оқиға орнына келген Қызылжар ауданы полиция бөлімі құрамындағы әкімшілік полицияның инспекторы жол-көлік оқиғасы бойынша материал жинап, апаттың салдарын жою үшін тиісті шаралар қабылдады.

«Қазақавтожол» ЖШС-ның жұмысшылары бірнеше сағат ішінде зақымданған қоршауларды қалпына келтірді. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша жиналған әкімшілік материал шығын көлемі анықталған соң сотқа жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы