427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәтерге жасырын кірген ұры үй иесіне шабуыл жасаған

  • 171
  • UPD: 15:40, 22.09.2020
Пәтерге жасырын кірген ұры үй иесіне шабуыл жасаған

Қарағанды облысында үйге балкон арқылы кірген ұры ұйықтап жатқан үй иесіне шабуыл жасаған, деп хабарлады Polisia.kz.

21 қыркүйек күні түнгі сағат 2:00 шамасында Қарағанды обылысы Шахтинск қалалық полиция бөліміне қаладағы үйлердің бірінде тонау болғандығы туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына жеткен тергеу тобына 28 жастағы жәбірленуші ұйықтап жатқанда белгісіз біреудің балкон арқылы үйіне кіріп, оны қорқытып бағалы заттарын беруін талап еткенін айтқан. Жәбірленуші ешқандай бағалы заты болмағандықтан, қолындағы құны 16 мың теңге тұратын ұялы телефонын берген соң күдікті оқиға орнынан ізін суытқан.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы азамат ұсталды. Одан айғақ зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы