428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында елікті заңсыз атқан азамат ұсталды

  • 147
  • UPD: 17:27, 22.09.2020
Алматы облысында елікті заңсыз атқан азамат ұсталды

Алматы облысындағы аңшылық шаруашылығының аумағында сібір елігін заңсыз атқан азамат қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Браконьер» шарасы барысында 38 жастағы азаматтың көлігінен жабайы еліктің тушасы табылды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабы, 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қоршаған ортаға келтірілген залал 1 млн 42 мың теңгеге жуық. «Аңшылыққа байланысты заң талаптарының барынша қатаңдатылғанын тағы бір мәрте естеріңізге сала кетейік. Енді браконьерлердің дүние мүлкі тәркіленіп, миллиондаған айыппұл салынады. Сол үшін заңға бағынған абзал дейді мамандар.

Нұрқуат Қонысбаев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

– Жалпы Алматы облысының аумағы бойынша бүгінгі күні инспекция мамандарымен 736 рейд жүргізіліп, 336 әкімшілік заңбұзушылық туралы іс қозғалса, 7 қылмыстық істі тергеп-тексеру жүргізіліп, оның үшеуі бойынша процесуалдық шешім қабылданып отыр. Үш азамат үш жылға дейін бас бостандығына шектеу қойылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы