427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында КамАЗ жүргізушісі жоғалып кетті

  • 163
  • UPD: 14:11, 23.09.2020
Атырау облысында КамАЗ жүргізушісі жоғалып кетті

Атырау облысының Индер ауданында КамАЗ көлігінің жүргізушісі жоғалып кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 21 қыркүйекте КамАЗ көлігінің жүргізушісі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала елді мекенінен Атырауға қарай жолға шыққан. Жүргізушінің жасы 42-де, Атырау қаласының тұрғыны. Ол көлігімен мал тасымалдаған. Туыстары оның Индер ауданындағы Өрлік ауылдық округіне қарасты «Мамық» аталатын жерге жеткені туралы хабар алған. Кейін сол жерде тұрған КамАЗ табылған, алайда көлікте жүргізуші де, мал да болмаған.

«Бүгін, 23 қыркүйекте сағат 06:00-де жоғалған жүргізушіні іздеу басталды. Іздестіру жұмысына Индер аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері мен төтенше жағдай департаментінің 3 қызметкері, сондай-ақ жүргізушінің туыстары жұмылдырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы