427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жеңіл көлік жолдың қоршауына соғылды

  • 126
  • UPD: 14:19, 24.09.2020
Ақмола облысында жеңіл көлік жолдың қоршауына соғылды

Екатеринбор – Алматы тасжолының Ақмола облысы аумағы арқылы өтетін тұсында жеңіл көлік жолдың шетіндегі қоршауға соғылды, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 23 қыркүйек сағат 14:20 шамасында Екатеринбор – Алматы тасжолының 1080-шақырымында болған.

«Анықталғандай, «Mercedes-Benz» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың шетіндегі қоршауға соғылды. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚбК 620-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Хабар 24 телеарнасы