427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызметтік ит жоғалып кеткен алматылық әйелдің мәйітін тапты

  • 202
  • UPD: 14:37, 24.09.2020
Қызметтік ит жоғалып кеткен алматылық әйелдің мәйітін тапты

Алматыда қызметтік ит із-түзсіз жоғалған әйелдің мәйітін тапты, деп хабарлады Tengrinews.kz Қазақстан Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйел 9 қыркүйекте жоғалған, ал оның денесі 23-і күні табылды. Іздестіруге 5571 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының жауынгерлері қатысты.

Сағат 16:30-да қатардағы жауынгер Бекаслан Жолдас пен Азамат Махан, сондай-ақ кинологиялық қызмет маманы ефрейтор Еркебұлан Өмірзақов жоғалған әйелдің табылуы мүмкін жерлерді аралап шыққан. Олармен бірге Найтс атты қызметтік ит те болған.

Кинолог итке әйелдің жемпірін иіскетіп, іздеуге жіберген. Ит иіс ізімен жүріп, Бутаковка өзенінің арнасына апарған, мәйіт сол жерде табылды.

Хабар 24 телеарнасы