428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте тістері адамдікіндей балық ауланды

  • 173
  • UPD: 11:33, 25.09.2020
Шымкентте тістері адамдікіндей балық ауланды otyrar.kz

Таңғажайып балық Бадам өзенінен табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Балықшы жем ретінде күнжара мен жүгеріні пайдаланған. Аулап алған ерекше балықты ол мөңке балықтың үлкен түрі деп ойлаған. Алайда оның аузын қарағанда мүлде басқа балық екенін түсінеді.

«Балық өте үлкен. Көлемі 5 литрлік бөтелкемен бірдей. Салмағы – 1300 гр. Ақтабан балығына ұқсайды. Желбезектері қызыл түсті. Аузын ашып қарасам, тістері 5 жастағы баланікіндей екен. Тіпті өзім де қорқып кеттім», – дейді Жеңіс Үзденбаев.

Таныстарының айтуынша, бұл балық сәулежүзбеқанаттылар тобына жататын паку тұқымынан болуы мүмкін. Олар негізінен Амазонка және Ориноко өзендерінің бассейнінде жүреді. Бұл балықтардың ұзындығы 108 см-ге, ал салмағы 40 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Тістері квадратты келеді және адамдікіне өте қатты ұқсайды.

Интернетте аталған балық тісінің күштілігі сонша, тіпті жаңғақтарды оп-оңай шағатыны айтылған.

Хабар 24 телеарнасы